«Емтихан строго 2000 ғой»: студенттерді бопсалаған оқытушы видеоға түсіп қалды
Ал қолма-қол ақша берсе қол қою 1 500 теңге деген
Әлеуметтік желіде оқытушының студенттерден ақша талап етіп отырған видеосы тарап, қызу талқыланып жатыр.
Бейнежазбада оқытушы студент қыздарға емтиханның бағасы 2 000 теңге екенін, ал қолма-қол ақша берсе 1 500 теңге болатынын айтқан.
«Емтихан строго 2 000 ғой. Мені былтыр сөйттің ғой», деген оқытушыға студент: «Енді қазір емтихан емес қой», - деп жауап берген.
Оған оқытушы ашуланғанбай болып, «енді маған не дейсіңдер?! «Наличкай бермей тұрсыңдар ғой. Не дейсің маған?! Берсей, 1 500 «пожалуйста», - деді.
Студенттер мұғалімге ақшаны стипендиядан беретіндерін айтқан. Осы жерде видео үзіледі.