×

Қызылордада 2 адам жергілікті тұрғынның басынан кірпішпен ұрғылаған (ВИДЕО)

Екеуі де мас болған

 Еркеғали Болатұлы 22.06.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіге Қызылордада болған төбелестің видеосы тарады. Оқиға орнына барған полицейлер жанжалды дер кезінде тоқтатқан.

Айта кетсек, 15 маусымда түнгі сағат 02:00-де белгісіз біреулер қала тұрғынына жабылып, кірпіш лақтырған. Ал ол оқиға шұғыл басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Видеода біреудің қақпаның алдында жатқан екі кірпішті алып, лақтырып жатқаны анық көрініп тұр. Кірпіш тиген ер адам қашып кеткен. Бірақ бұзақылар артынан қалмай, жекеменшік үйдің қақпасына тіреп қойып, басынан тағы бірнеше рет кірпішпен ұрған.

Шұғыл басқару орталығының мамандары бірден полиция экипажына хабар берді. Полицейлер оқиға орнынан 37 және 43 жастағы екі жігітті ұстады. Екеуі де мас болған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама