Бүгінде жобаға 32 млрд теңге бөлінген
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Арт спорт» бағдарламасына 97 млрд теңге керегін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Аталған жоба аясында қазақстандық балалар шығармашылық үйірмелерге барып, спорт секцияларына қатыса алады.
Бүгінгі әңгіме шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің әрі қарайғы жұмысына қатысты. Бүгінде 495 мың бала 15 мың үйірме мен секцияға барады. Оған 32 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін қосымша 97 млрд теңге қажет. Айтылатын сын мен қойылатын сұрақтардың алдында бір ғана дүниені айтқым келеді: «Артспорт» – бұқаралық спортты дамытудың жалғыз механизмі емес, - деді Дәурен Абаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бұған қарамастан аталған бағдарлама жұмыс істей беретінін атап өтті.