Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақша төленеді
Бұл мақсатқа 21 млрд теңге қарастырылған
Қазақстанда сабақтан тыс іс-шараларды өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақша төленеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы тағайындалды. Яғни 30 мыңнан аса дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қамтылды. 2022-2024 жылдары аталған мақсатта аймақтарға қосымша 21 млрд теңге бөлінеді, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.