×

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз – депутат

Педагогтер мамыр айының айлығын толық көлемде ала алмай отыр

 Динара Амантай 22.06.2022 | 13:56
Коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская педагогтердің айлығын кешіктермей төлеуді сұрап Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, депутаттардың атына мұғалімдерден көптеген өтініштер түсіп жатыр. Олар айлықтары, еңбек демалысының ақысы, емделу өтемақысы кешігіп жатқанын айтып, көмек сұраған.

1 маусымда елдегі 300 мыңдай мұғалім жазғы еңбек демалысына шыққан. Сіздің ведомство мамандарының бюджет жоспарлауға салғырт қарауының салдарынан қаражат тапшылығы туындап отыр. Оның саларынан педагогтердің бір бөлігі мамыр айының айлығын толық көлемде ала алмай отыр. Оның үстіне еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысының қарызы 30 млрд теңгеге жеткен. Педагогтердің бұл шағымы әділетті болғанына қарамастан, министрлік жұмған аузын ашпай отыр, – деді Юлия Кучинская.

Ол министр Асхат Аймағамбетовтен аталған мәселені кешіктірмей шешуді сұрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мұғалімі тапшы, білім сапасы төмен өңірлерге үздік ұстаздар тарту үшін арнайы бағдарламаның басталғанын мәлімдеген. Оларға жалақының 250% мөлшерінде  төлемдер беру, тұрғын үйді жалдау ақысын өтеу қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама