Halyq Uni логотип
×

«Бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр». Смайылов елдегі тағы бір проблеманы қозғады

Бүгінгі үкімет отырысы маңызды мәселеден басталды

 Халық үні 18.01.2022 | 09:30
«Бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр». Смайылов елдегі тағы бір проблеманы қозғады
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Қазақстанның барлық өңірінде коронавируспен науқастанудың күрт өскені байқалады. Жыл басынан бері індетті жұқтыру деңгейі 21 есе өсіп отыр. Түркістан облысы ғана «сары аймақта», ал қалған өңірдің барлығы «қызыл аймақта». Тәулігіне вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында, Қарағанды және Атырау облыстарында тіркеліп жатыр. Біз мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылау қажет, – деді үкімет басшысы.

Премьердің айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдады. Олар нақты орындалуы тиіс. Бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты негізгі алдын алу шараларын бұлжытпай сақтау керек. Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғырлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінуі қажет. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейту керек. Вирустың таралуын азайту үшін науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол берілмеуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханаларда қосымша орындар дайындасын. ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында  тестілеу аз жасалады. Елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакциналау қарқыны жақсарған жоқ.  Демек бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр. Сондықтан  аталған өңірлер бұл жұмысты тездету керек. Ералы Лұқпанұлы, бақылау сізде, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама