×

Құрылыс тоқтайды, арнайы комиссия құрылды: Алматыдағы апорт бағын сақтап қалу жайлы

Белсенділер тау бөктеріндегі құрылысты тоқтатуды талап етті

 Ербол Тұрымбет 22.06.2022 | 10:20
Құрылысқа қарсы шыққан алматылықтар

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалына бірқатар алматылық тұрғын шағымданды. Айтуынша, Астрофизика институты мен Іле Алатауы ұлттық паркіне іргелес жатқан жер аумағында жаппай құрылыс салына бастаған. Нәтижесінде сонда өсіп тұрған ағаштар, соның ішінде апорт ағаштары да кесілген.

Жалпылай алғанда, тұрғындар былтыр қыркүйектен бері алма бағындағы 200-ден астам түп ағаштың кесілгенін анықтапты.

Бұл жайт үлкен резонанс туғызғагдықтан бірлестіктің филиалы қалалық прокуратураға хат жазып, оны прокурорлар да қолдаған. Қазір прокуратура органдары Құрылыс және тұғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитетіне және Жер ресурстарын басқару комитетіне тапсырма берген. 

Ақырында бірлестік филиалының өтініші бойынша қалалық мәслихат бөктерде, оның ішінде көлбеулігі 15 және одан жоғары градусқа жететін жерлерде тұрғын үй құрылысына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Өйткені, онда көшкін жүруі мүмкін. Оған қоса, тамыз айынан бастап сәулет-құрылыс кеңесі қайта жанданатын болды. Енді ешбір ғимарат пен құрылыс сол кеңестің мақұлдауынсыз салынбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама