×

Тимур Құлыбаевтың зауыты мәжбүрлі түрде тартып алынды

Енді жобамен «Қазмұнайгаз» бен ресейлік «СИБУР» компаниясы айналысады

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 09:30
фото: almaty.tv

Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды.

Орда.kz-тің хабарлауынша, мемлекеттік құжаттарды талдау негізінде Тимур Құлыбаевтың газ химиясы жобасының экспроприацияланғаны анықталды.

Полиэтилентерефталат зауыты 700 миллион доллардан миллиард доллар аралығында бағаланады. Полиэтилентерефталат енгізу туралы меморандумға 2017 жылы қол қойылды. Оның өтініш берушісі Құлыбаевтар отбасына тиесілі «ALMEX Holding Group» АҚ құрамына кіретін «Almex Retrohemecal» ЖШС болды, - делінген хабарламада.

Полиэтилентерефлатат – бұл негізінен әртүрлі типтегі және мақсаттағы пластикалық контейнерлерді өндіру үшін қолданылатын термопластик, бірақ көбінесе пластикалық бөтелкелер үшін жасалады. Полиэтилентерефлатат жобасына қатысты жанжал ең алдымен, басқа газ өңдеу және газ-химия өнеркәсібінен айырмашылығымен және кешеннің Атыраудан 28 шақырым жердегі газ-химия өндірісі бойынша арнайы еркін экономикалық аймақта (Қарабатан АЭА) салынуы жоспарланбағандығымен түсіндірілді.

Бірақ Атыраудың өзінде, Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағында, тікелей облыс орталығының шекарасындағы осындай салаларға ЖСҚ-дан салық жеңілдіктері қарастырылған.

Полиэтилентерефлатат шикізаты Атырау мұнай өңдеу зауыты жанама өнімдерінің өткір иісті заттарына жатады.

Енді меншік иесі ауысқан соң Құлыбаевтың «Алмэкс» компаниясының орнына Полиэтилентерефлатат жобасын «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен ресейлік «СИБУР» компаниясы өз қолына алады, - делінген материалда.

Өткен аптада Дариға Назарбаеваның күйеуі есепті Қайрат Шәріпбаевтың заңсыз жекешелендіріп алған газ өңдеу зауыты «Самұрық-Қазына» АҚ есебімен мемлекетке қайтарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Иесі қарапайым адам емес...». Өскеменде 6 жасар қызды алабай талап өлтірген

Мамандар оған бұралқы емес, иесі бар иттің шабуылдағанына сенімді
29.01.2023 | 14:05

Ақтаудың іргесінде бірнеше иттің өлексесі жайрап жатыр (ВИДЕО)

Жануарларды қорғаушылар мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрады
29.01.2023 | 12:35

Украина Қарулы күштері ресейлік 800 сарбазды жойып жіберді

Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары болып жатыр
29.01.2023 | 11:41