Жыл басынан бері Атырауға 105 қандас оралды

Айнұр Асылбекқызы

Оның ішінде 87 қандас Атырау қаласына қоныстанды

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов жыл басынан бері өңірге 105 қандас қоныстанғанын мәлім етті.

Атырау облысына Өзбекстаннан – 87, Қытайдан – 4, Ресейден – 10, Түрікменстан мен Украинадан 2 қандас көшіп келген. Оның ішінде 87 қандас Атырау қаласына, 11 адам Жылыой ауданына және 7 адам Құрманғазы ауданына қоныстанды.

Жыл басынан бері өңірге тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды, - деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, елімізге өз бетімен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалына барып бере алады.