Ішкі істер министрлігі «Қайғылы қаңтар» оқиғасының куәгерлеріне үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі қайғылы оқиғалардың куәгерлері анонимді түрде «102» мобильді қосымшасы арқылы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша фото және бейнематериалдарды жібере алатынын атап өтті.
Егер сізде фото және бейнематериалдар болса, оларды арнайы https://help.mvd.gov.kz/mbp сайты арқылы анонимді түрде жібере аласыз. Бір хабарламада 5 файлды жіберуге болады. Бір жіберілетін файлдың максималды мөлшері – 100 МБ, – делінген хабарламада.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сайтқа өту батырмалары осылайша іске асырылады:
Ескерту: қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады. IOS платформасындағы қосымшада сайтқа өту түймесі қолжетімді. Егер сіз осы батырманы көрмесеңіз, онда қосымшаны жаңарту қажет. Android платформасындағы қосымшада жаңарту шыққаннан кейін сайтқа өту түймесі қолжетімді болады. Қазір жаңарту Play Market-те модерацияда.
2. ҚР ІІМ Telegram-ботында (https://t.me/QZ102bot): «Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу» батырмасын басқан кезде сайтқа сілтеме және ауысу батырмасы бар мақала ашылады;
3. ҚР ІІМ-нің ВК-ботында (https://vk.com/public198182087): ҚР ІІМ парақшасының жеке хабарламасына өту қажет. Онда «Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу» батырмасын басасыз. Содан кейін сайтқа сілтеме және өту батырмасы бар мақала ашылады.
4. ҚР ІІМ сайтының төменгі оң жақ бұрышында орналасқан виджетте (https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim): «Тәртіпсіздіктер бойынша фото/бейне материалдарды жіберу» мақаласын басу қажет.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған фото және бейне жазбалар кінәлі адамдарды анықтау үшін жиналады.
Алынған мәліметтер тергеу-жедел топтарына болған оқиғаның анық-қанығын білуге және оған қатысы бар адамдарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ бүлік пен шабуылдарға қатыспаған, бірақ тәртіпсіздіктер орнында кездейсоқ болған азаматтарды қорғауға көмектеседі.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысты келесідегідей бейнематериалдарды жібере аласыздар:
Сондай-ақ «102» мобильді қосымшасының көмегімен азаматтар полицияға басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Олар:
Атап өтсек, 2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты.
Осы жағдайға байланысты барлық өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Мемлекет басшысы «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты.