Halyq Uni логотип
×

1 маусымнан бері 19 бала суға батып кеткен

Қайғылы оқиғаның негізгі себебі – рұқсат етілмеген жерде шомылу, қауіпсіздік ережесін сақтамау

 Дәурен Ерболат 21.06.2022 | 15:02
1 маусымнан бері 19 бала суға батып кеткен
Фото: tourweek.ru

Биыл 1 маусымнан бері Қазақстанда 19 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрлік мәліметінше, суға шомылу маусымы басталғалы бері 36 адам суға батып, көз жұмған. Оның 19-ы бала.

Өлімнің негізгі себебі – рұқсат етілмеген жерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.

Қайғылы оқиғалардың статистикасы төмендегідей:

  • су қоймасында – 32 адам;
  • суға шомыла алмаған – 18 адам;
  • ішімдік ішіп, суға түскен – 11 адам;
  • балық аулау ережесін бұзған – 10 адам;
  • өз күшіне қатты сенген – 9 адам;
  • жүзу құралында сырғанау кезінде – 1 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама