Аталған факті бойынша тергеу жіргізіліп жатыр
Алматы облысында Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кербұлақ ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 жылдар аралығында, жалпы сомасы 571 млн. теңге құрайтын шот-фактураларды жазып беріп отырған. Олар бойынша қызмет көрсетіп, тауарларды жөнелту мақсатында облыс тұрғындарына шағын бизнес субъектілерін (ЖК) тіркеген, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, кінәсін мойындауына байланысты аталған тұлғаға қатысты іс жүргізу бойынша ұстау жүргізілген жоқ.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.