606,6 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Жоспардан тыс 224 тексеру болды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиында ведомствоаралық өңірлік топтардың жұмысының нәтижелері қаралды.
Биылғы наурыз айынан бастап жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты 224 жоспардан тыс тексеру тіркелді.
Осы уақытта жұмыс комиссиясының қызметі басталғаннан бері мемлекетке 606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.
Халықты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Осы бағыттағы жұмыс жалғаса береді.