×

Литва Ресейдің Еуропаға жолын жауып тастады

Калининград обласынан жүк тасымалдауға тыйым салынды

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2022 | 13:30
фото: lrt.lt

Литван Республикасы Ресейге Калининград облысынан баратын жолды жауып, жүк тасымалдауға тыйым салды.

Осыған байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігі билігі Литваны сынап, мәлімдеме жасады. РФ Сыртық істер ведомствосы егер Литва жақын арада жүк транзитін толық қалпына келтірмесе, Мәскеу ұлттық мүдделерді қорғауға құқылы екенін мәлімдеді.

Біз Литва тарапының арандатушы шаралары Литваның халықаралық-құқықтық міндеттемелерін, ең алдымен Ресей мен Еуропалық Одақтың Калининград облысы мен Ресей Федерациясының қалған аумағы арасындағы транзит туралы 2002 жылғы бірлескен мәлімдемесін бұзатын ашық дұшпандық деп санаймыз, - делінген ведомство сайтында.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Литва билігінің Калининград облысына бірқатар тауар транзитін тоқтату туралы шешімін заңсыз деп атап өтті.

Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис шектеулер Еурокомиссия ұсынысы бойынша енгізілгенін айтты.

Бұл Литваның біржақты шешімі емес, мұның бәрі 17 маусымда күшіне енген еуропалық санкциялар. Өнеркәсіп тек сол санкцияларды сақтап жатыр. Теміржолшылар тұтынушыларына 17 маусымнан бастап тауарларға санкция салатынын хабарлады. Болат тасымалдау және мұнай өнімдерін Литва аумағы арқылы өткізуге де рұқсат етілмейді. Литва теміржол өкілдері Калининград теміржолына 18 маусымнан бастап Еуроодақ санкцияларына ұшыраған жүктердің транзитін тоқтату туралы хабарлаған, - деді ол.

Шектеулер Калининград облысы мен Ресейдің басқа облыстары арасында тасымалданатын барлық жүктің, соның ішінде құрылыс материалдарының жартысына жуығына әсер етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама