×

Қазақстанның ірі компаниялары жұмысқа шақырып жатыр

Биржада 1300-ден астам бос жұмыс орны болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2022 | 12:00
Фото: gov.kz

Қазақстанның ірі компаниялары жұмысқа шақырып жатыр. Олар бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-биржасына қатысады.

Ол 27-29 маусым күндері өтеді. Осы күндері Электронды еңбек биржасында компаниялардың HR-менеджерлері өз жұмыстарын 18-35 жас аралығындағы азаматқа таныстырады.  

Онлайн-биржада жұмысқа орналасуға осыншама жастағы азаматтар ғана қатыса алады. Ол үшін Enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет.  

Тіркелу үшін порталдың басты бетіндегі жәрмеңке баннерін басып, өтінім беру керек. Онда биржаға қатысу ережелерімен және бағдарламасымен танысуға болады. Содан кейін жұмыс берушілер онлайн-таныстырылым өткізіп, өздерінің компаниясы, бос жұмыс орындары мен басқа да ақпарат туралы айтып береді.

Биржадағы 1300-ден астам бос жұмыс орнын Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының құрамындағы компаниялар, «Каспи Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС, «Евразия групп Қазақстан»  ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Бірінші несие бюросы» ЖШС және басқа да компаниялар ұсынады.

Азаиматтар бос орындарға қызығушылық білдірсе, түйіндемесін жібере алады.

Электронды еңбек биржасындағы онлайн-жәрмеңкені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бірлесіп ұйымдастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама