Halyq Uni логотип
×

Елімізде балалар аяқ киімі 14%-ға қымбаттады

Ішкі нарықты өтей алмайтын аяқ киім өндірісі тіпті кері кетті

 Динара Амантай 21.06.2022 | 11:25
Елімізде балалар аяқ киімі 14%-ға  қымбаттады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында аяқ киім өндірісі 546 мың жұпты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға аз. Бұған дейін осы салада 3 жыл қатарынан өндіріс көлемінің өсімі байқалған. Осылайша, бір жыл бұрын өсім 46,6%-ды құраған.

Республика аймақтарының ішінде ең көп өндіріс көлемі Алматыға (253,3 мың жұп аяқ киім), одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстарына тиесілі.

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша отандық аяқ киім кәсіпорындары аяқ киімге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 4,2%-ға ғана қамтамасыз етті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш тек 2% ғана болған.

Бүкіл дерлік нарық импортқа негізделген. Ол 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 6,9 миллион жұпты құрады. Бір қызығы, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге аз. Ішкі нарықта 2022 жылдың бірінші тоқсанында 7,2 миллион жұп аяқ киім сатылды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе аз.

2022 жылдың мамыр айында аяқ киім бағасы бір жыл ішінде 9,7%-ға өсті. Бұл – соңғы 4 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлер бойынша бағаның көтерілуі Қостанай облысында 4,9%-дан, Маңғыстау облысында 19,5%-ға дейін болды. Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда облысында (15,1%-ға), Шымкентте (13,7%-ға) және Түркістан облысында (12,8%-ға) да байқалды.

Бір жыл ішінде балалардың аяқ киімі айтарлықтай қымбаттап, бағасы бірден 14,2%-ға өсті. Әйелдер аяқ киімі 8,8%-ға, ал ерлердікі 7,9%-ға қымбаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама