Елімізде барлығы 205 науқас вирустан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте СOVID-19 вирусын 20 адам жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 20 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 млн 305 мың 982-ге жетті.
Вирус жұқтыру дерегі төмендегі өңірлерде тіркелді:
Сондай-ақ өткен тәулікте 7 адам коронавирустан айықты:
Қазақстанда барлығы 1 млн 292 мың 169 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.
21 маусымдағы мәлімет бойынша 205 адам СOVID-19 вирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 47 пациент стационарда, 158 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 4 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр науқастар жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 12 адам коронавирус жұқтырған.