×

Коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде барлығы 205 науқас вирустан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 21.06.2022 | 10:06
Фото: Reuters

Қазақстанда өткен тәулікте СOVID-19 вирусын 20 адам жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 20 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 млн 305 мың 982-ге жетті. 

Вирус жұқтыру дерегі төмендегі өңірлерде тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 2,
  • Алматыда – 12,
  • Шымкентте – 2,
  • Ақмола облысында – 1,
  • Қарағанды облысында – 2,
  • Қызылорда облысында – 1.

Сондай-ақ өткен тәулікте 7 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 3,
  • Алматыда – 4

Қазақстанда барлығы 1 млн 292 мың 169 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.

21 маусымдағы мәлімет бойынша 205 адам СOVID-19 вирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 47 пациент стационарда, 158 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 4 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр науқастар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 12 адам коронавирус жұқтырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама