Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі салынып жатқан құрылыс нысандардың бірінде ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады.
Оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.
Кешкі сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі, 42-мекенжайда орналасқан құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген жансыз денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына («адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.