Желі қолданушыларын таңғалдырған қырғызстандық вагондар қандай? (ВИДЕО)
Ресми мәліметке сәйкес, жаңа вагон билеттерінің құны қолжетімді
«Қырғыз темір жолы» ұлттық компаниясы ескі вагонды толығымен жаңартып шықты. Компания тозығы жеткен вагондарды есептен шығарып тастағанымен, утилизацияға жібермеген. Мамандар оны толығымен қарап шығып, конструкциясын өзгертпей модернизациялаған.
Вагонда ішкі интерьерді өзгертуге басымдық берілді. Негізгі мақсат – жолаушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мәселен, вагонның терезелері үлкейтіліп, панорамалық терезелер орнатылды. Соның арқасында жолаушылар көп нәрсені көре алады, - дейді компания мамандары.
Бұдан бөлек, жаңа орындықтар қойылған. Екі жақта үстел бар. Кондиционер орнатылған. Сондай-ақ, вагонда қол жуатын жер, тоңазытқыш, су ішетін кулер мен теледидар бар. Вагон сынақтан өтіп, барлық қажетті құжат рәсімделген. Компания вагонды өз ақшасына жаңартып шыққан.
Ресми мәліметке сәйкес, жаңа вагон билеттерінің құны қолжетімді. Алайда, қай кезде адам тасымалдай бастайтыны белгісіз.