×

Жамбыл облысында 25 тонна қарбыз жолға шашылды

28 жастағы жүргізуші Түркістан облысынан Тараз қаласына бара жатқан

 Қанат Атаманов 20.06.2022 | 20:30
Фото: ашық дереккөздерден

Жамбыл облысында 25 тонна қарбыз жолға шашылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 15.10-да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 580-ші шақырымында қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып кетті. DAF маркалы көліктің тіркемесі де болған.

28 жастағы жүргізуші Түркістан облысынан Тараз қаласына бара жатқан. Жолда рөлге ие бола алмай қалған. Жүргізуші жарақат алды, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты, - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оған сәйкес, 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама