×

Алматыда жаңадан 5 мектеп салынады

Бұған қосымша 14,3 млрд теңге қаржы бөлінеді

 Динара Амантай 20.06.2022 | 17:55
Фото: aktobetv.kz

Алматыда халық санының өсуі мен оқушы орнының тапшылығына байланысты жаңадан 5 мектеп салыну көзделіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясының отырысында айтты.

Білім беру саласына қосымша 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне (15 мектеп, 4 балабақша) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады, – деді қала әкімі.

Сонымен бірге ол мұғалімдерге ғылыми дәрежелері, тәлімгерлік пен кешкі уақытта және мектепке дейінгі оқыту жұмыстары үшін қосымша ақы төленіп, педагогтерге қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жылу жүйесі бойынша берешегін өтеу үшін, яғни коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге 2 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама