×

Қаңтар оқиғасында «Дикий Арманның» рөлі ерекше болды – Бас прокуратура

Қылмыскерлерге 200 мың теңге ақша, оқ өтпейтін кеудешелер мен атыс қарулары берілген

 Динара Амантай 20.06.2022 | 15:57
Коллаж: Halyq Uni

Қаңтар оқиғасы кезінде болған қылмыстық оқиғаларға байланысты 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Орталық бақылау комиссиясында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында бірқатар тәртіпсіздіктер, оның ішінде мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және лаңкестік әрекеттер жасалды.

Осы фактілердің барлығы бойынша 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінде еліміздің әр өңірінде 27 қылмысты ұйымдастырушы анықталды. Олардың арасында Алматы әуежайындағы шабуыл мен Көктөбе телемұнарасын басып алу әрекетін ұйымдастырғандар да бар. Бұл қылмыстарды ұйымдастыруға қылмыстық топтардың қатысқаны туралы анық белгілі болды, – деп мәлімдеді Серік Шалабаев.

Бас прокуратура өкілінің мәліметінше, ерекше рөлді қылмыстық ортада «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластары атқарған.

Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірімен Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншалары таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстарындағы рөлдерін анықтады. Іштерінен «басшылары» тағайындалып, оларға оқ өткізбейтін кеудешелер, бастарына арналған қорғаныс құралдары, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша қаражатары берілді, – деді прокуратура өкілі.

Сонымен бірге олар қатардағы серіктестеріне суық қаруларымен, резеңке шоқпар және денеге зиян келтіруге болатын басқа заттармен қарулануға тапсырма бергені белгілі болды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушылардың сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан.

Бұған қоса аталған қарулы қылмыскерлер топтары қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Кейіннен жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылды. Дене жарақатын келтіру нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды.

Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қалған қылмыстық топ қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылды. Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама