Қаңтар оқиғасында өз міндетін адал орындамаған полиция басшылары жауапқа тартылып жатыр – ІІМ
Мұндай деректер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалған
Қаңтар оқиғасында өз міндетін адал орындамаған полиция департаментінің және ҰҚК басқарма басшылары жауапқа тартылады. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Биыл 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері басшыларының ғимараттарын қызметтік атыс қаруларымен бірге тастап кеткені белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Бұл фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды, - деді басшы ОКҚ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – прокуратура органының жұмысындағы сөзсіз басымдықтың бірі.
«Күдіктілерге қандай да бір қысым қолдануды болдырмау үшін прокурорлар күн сайын тергеу изоляторлары мен басқа да қызметтік үй-жайларды тексереді. Бүгінде соттың санкциясымен қаңтар оқиғасына қатысы бар 514 күдікті қамауда отыр», - деді Серік Шалабаев.
Айта кетейік, осыған дейін қаңтар оқиғасы кезінде 5 полицей ұсталғандарды үтік басып азаптағаны хабарланған болатын.