×

Бюджетті тиімсіз жұмсағандар жазаланады – Есеп комитеті

Әңгіме әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы болып тұр

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2022 | 15:47
Көрнекі фото

2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.

Ол сөзінің бірінде бюджет ақшасын жұмсауға қатысты қаржылық қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтарға теңестіруді ұсынды.

Бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыс жасауды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жатқызған дұрыс болар еді. Бұған орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, дебиторлық қарызды негізсіз есептен шығару және басқа да факторлар жатады, – деді комитет төрайымы.

Оның айтуынша, Осы заңнамалық нормалардың барлығы да мемлекеттік аудит органдарының қызметі үшін жақсы база құруға, бюджеттің әр теңгесін пайдаланғаны үшін нәтижені қатаң түрде сұрауға және сол арқылы бюджет шығындарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2021 жылы тиімсіз пайдаланылған 413 млрд теңге мемлекеттік ресурс анықталды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, Бюджет кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр.

Бұл жерде әңгіме бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы болып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама