Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: 5 полицей ұсталғандарды үтік басып азаптаған

Олардың әрекетінен 25 адам зардап шеккен

 Дәурен Ерболат 20.06.2022 | 15:39
Қаңтар оқиғасы: 5 полицей ұсталғандарды үтік басып азаптаған
Фото: 365info.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде 5 полиция қызметкері ұсталғандарды қызған үтікпен азаптады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу туралы қылмыстық істерді қарау нәтижесінде 34 адам сотталған. Алайда олар бас бостадығынан айырылмаған. Сондай-ақ қаруды ұрлау және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 адам бас бостандығынан айырылған.

Серік Шалабаев қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптауға қатысты дерекке тоқталды.

Бүгінде 8 резонанстық істі арнайы прокурорарлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы орган қызметкері күдікті деп танылды. Оның тоғызы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушы азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің іске қатысы бар екенін анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады, - деді Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы ОКҚ-де өткен брифингте.

Ол Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсік қызметі департаментінің 2 қызметкеріне қатысты тергеу аяқталғанын жеткізді.

«Олар ұсталған адамды ұрығып соққан. Олар адамды өлтіріп алды деген күдікке ілінді. Азаптаулар бойынша қылмыстық істерді тергеу ерекшелегімен сипатталатынын атап өту қажет. Жіберленушілердің көпшілігі іске қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде таққан немесе арнайы формасыз болған. Істер бойынша бейнежазбалар жоқ. Себебі, полиция ғимарттарына шабуыл жасау салдарынан құрал-жабдықтар бүлінген», - деді Серік Шалабаев.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама