Аудан атауы өзгергенімен, аудан орталығы Осакаровка болып қала береді
Қарағанды облысының Осакаровка ауданының атауы Сарыбел деп өзгеруі мүмкін. Тиісті ұсыныс облыстық ономастикалық комиссияда қаралады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Ауданға тарихи атауын қайтару туралы мәселе 90-жылдардың соңынан бері көтеріліп келеді. Соңғы жылдары бұл мәселе халықпен кездесулерде және әлеуметтік желілерде жиі көтеріле бастады. Сарыбел - бұл аймақтың тарихи атауы. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлары мен доценттері зерттеді. Барлық ауылдық округтер мен кенттер бойынша тыңдаулар өтті. Қоғамдық тыңдауға қеңес мүшелері, жергілікті қоғамдастықтар және аудан тұрғындары қатысты. Барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді», - деді Осакаровка аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Сонымен бірге әкімдік ауданның атауы өзгергенімен, Осакаровка кентінің атауы өзгермейтінін айтты.
«Осакаровка кентінің өзін қайта атау туралы мәселе тұрған жоқ. Осакаровка өзінің бұрынғы атымен қалады. Аудан атауын өзгертуге байланысты жеке тұлғалар еш шығындалмайды. Құжаттардың бәрі жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Осакаровка кентіндегі теміржол стансасы бірнеше жыл бұрын Сарыбел деп өзгертілген болатын.