Абай облысында автобус аударылып, 15 адам жарақаттанды

Динара Амантай

Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кеткен

Фото: Halyq Uni

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 маусым күні сағат таңғы 04.50-де болған.

«Алакөл-Семей» бағытында тұрақты қатынайтын «Setra-S» маркалы автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда Семей қаласына қарай бара жатқан. 56 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, автобус жолдан шығып кетіп аударылған. Жол апаты салдарынан екінші жүргізуші мен 13 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алды, – делінген хабарламада.

Зардап шеккен азаматтардың барлығына медициналық қызмет көрсетіліп, автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.