×

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Ұйымдастырушы азаматтарды тарту үшін WhatsApp арқылы топтар құрған

 Динара Амантай 20.06.2022 | 10:36
Фото: Halyq Uni

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасын құру фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы WhatsApp желісі арқылы азаматтарды тарту үшін топтар құрған.

Қылмыстық схема қатысушылардың қаражатын екі бағыт бойынша тартып отырған. Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция тарту. Екіншісі – «Стандарт», «Vip» және «Премиум» позицияларына азаматтардан 150 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін инвестиция тарту, – делінген хабарламада.

Тексеру барысында қылмыскердің іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспағаны анықталды. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданып отырған.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы пирамидасын құрудағы кінәсі толығымен мойындалды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама