×

Зейнет жасын төмендетуді сұраған әйелдер жаппай аштық жариялауға мәжбүр

Белсенділер барлық талап-тілектерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2022 | 00:20
Фото: sputnik.kz

Қазақстанда тұтас ел бойынша әйелдер бірігіп, өз талаптарын орындату үшін аштық жариялауға дайын екендерін айтты. КТК телеарнасының хабарлауынша, олардың басты талабы әйелдердің зейнет жасын 60 жастан 58 жасқа дейін түсіру.

Біздің қатарымыз көбейді. Жанымызға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әйелдер келіп, қосылып жатыр. Біздің өз шартымыз бар. Егер Еңбек министрлігінің ұсынысы бізді қанағаттандырмаса, онда барлық аймақтардағы белсенді әйелдер аштық жариялау түрінде наразылық акциясына шығады. Бұл төтенше шара, бірақ осылай жасауға мәжбүрміз, - дейді белсенді Майкен Биғарстанова.

Айтуларынша, белсенділер барлық талап-тілектерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған.

«Біз бір пікірге келгенде, ақпарат беретін боламыз. Бірақ сіздер әлеуметтік саладағы кез келген бастама қаражатқа келіп тірелетінін түсінулеріңіз қажет. Олар әрқашан барлық қаржылық және экономикалық мүмкіндіктермен байланысты болуы керек», - деп түсіндірді оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама