×

Атырауда футбол жанкүйерлері жаға жыртысты

Олардың қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысты заттар болған

 Айнұр Асылбекқызы 19.06.2022 | 21:41
Фото: sports.kz

Бүгін сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс болды.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары қоғамдық орында құқықбұзушылыққа жол берген 30 адамды Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізген.

Қазір тиісті құжаттар жинақталып жатыр. Бұл ретте әлеуметтік желілердегі «оқиға барысында қару қолданылған» деген ақпарат – жалған. Жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысты заттар болғанмен, ешқайсысы суық қару ұстамаған. Қақтығыстан жарақат алғандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама