Halyq Uni логотип
×

Ел жастарына 3 млн теңгелік 30 грантты ұтып алуға мүмкіндік бар

Биыл жастар практикасынан өту кезеңі «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылған

 Еркеғали Болатұлы 19.06.2022 | 20:54
Ел жастарына 3 млн теңгелік 30 грантты ұтып алуға мүмкіндік бар
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығына барды.

Осы орайда қала жастары министрден жастар практикасы, жалақының аздығы, волонтерлік қызметпен айналысу, мемлекет тарапынан берілетін демеуақыны алу жолдарын сұрады.

Асқар Омаров оларға жастарды қолдаудың жаңа тетіктері енгізіліп жатқанын, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылғанын жеткізді. Айтуынша, бұл жастар үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және қосымша ақша табуға жақсы мүмкіндік.

Сондай-ақ президент тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты арқылы 3 млн теңгелік 30 грантты ұтып алуға болатыны, жалпы жастар саясатына байланысты іс-шаралар барысы түсіндірілді.

Одан кейін министр Алға ауданының жастарымен де жүздесті. Ол жердегі Coworking орталығында жақсы білім алып, жан-жақты ізденуге мүмкіндік мол екен. Алайда республикалық деңгейдегі жобаларды ұтып, жүзеге асырып жатқан жастар министрге өз мәселелерін айтты. Асқар Омаров оларға бәрін назарға алып, тиісті құқықтық-заңнамалық, қаржылық қолдаулар жайын қарастыратынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама