×

Ертең 2 пайыздық ипотекаға құжат қабылдау басталады

Екі пайыздық несиемен пәтер немесе жеке үй алуға үмітті қазақстандықтар 20 маусымнан бастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша құжат рәсімдей алады

 Халық үні 19.06.2022 | 16:09
Фото: ашық дереккөздерден

Бірақ аталған бағдарлама арқылы ипотека рәсімдеуге бөлінген шектеулі уақыт - бір ай, деп хабарлайды «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.

Тұрғын үй алу үшін екі пайыздық несие алуға үмітті азаматтардан құжат қабылдау биыл 19 шілдесінде тоқтатылады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеке үй, қолдан сатылатын екінші деңгейлі пәтерлер немесе жаңа пәтер алуға мүмкіндік бар.

Несие алуға үмітті азаматтардың жергілікті атқару органдарында кезекте тұруы шарт. Екі пайыздық несиені толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалалы отбасылар ала алады, — дейді «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.

Ипотекаға үмітті азаматтар үй құнының 10 пайызын алдын-ала төлеуге тиіс. Несиені қайтару мерзімі 18 жыл. Екі пайыздық несие бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындарына 15 миллион теңгеден бөлінсе, Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін тиесілі сома 10 миллион теңгені құрайды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы үшін 50 миллиард теңге бөлінген. Ипотека алу үшін өтінішті банктің ресми сайты арқылы жіберуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама