Әйелдің балконнан құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған
Елордалық полиция сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтанда Достық көшесінің бойында әйел жетінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
50 жастағы елорда тұрғынының жеке басы анықталды. Құлаған кезде үйінде марқұмның туыстары болған, – деп хабарлайды қалалық ПД.
Есіл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.