×

Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған 9 жастағы бала көз жұмды

Ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері растады

 Халық үні 19.06.2022 | 11:43
Фото: ашық дереккөздерден

Ақтөбеде элеватордың терең резервуарына құлаған бала ауруханада есін жимастан жан тапсырды.

9 жастағы бала ойнап жүріп ескі элеватордың шұңқырына түсіп кеткен болатын. Оқиға 30 мамыр күні болған еді. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген баланы дәрігерлер аман алып қала алмады. Жеткіншек кеше түнде көз жұмыпты.

Бала ауруханаға ес-түссіз әкелінді, яғни үшінді дәрежедегі кома болды. Басынан ауыр жарақат алған. Бірден жасанды тыныс алдыру аппаратына қостық. Дәрігерлар барынша аман алып қалуға тырысты. Алайда мүмкін болмады, — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама