Украинада соғысқан АҚШ-тың жалдамалы әскери тұтқынға түсу сәті туралы айтты
39 жастағы Александр Дрюке мен 27 жастағы Энди Хьюн Украинадағы Ресей әскери күштері тұтқындаған алғашқы американдықтар
Киев жағында соғысқан американдық Энди Хьюн RT телеарнасына сұхбат берді.
Бұған дейін Британдық The Telegraph ресейлік әскери күштер Харьковтың маңында Киев жағында соғысқан екі американдық жалдамалыны тұтқындады деп мәлімдеді. Басылымның хабарлауынша, 39 жастағы Александр Дрюке мен 27 жастағы Энди Хьюн Украинадағы Ресей әскери күштері тұтқындаған алғашқы американдықтар.
Мен барлау батальонының құрамында Харьковта болдым. Бұл арнайы бөлім «Багет» деп аталады. Өйткені оның басым бөлігін француз азаматтары құрады. Украин әскерлері шегінген кезде Ресей әскерлері біздің позицияны басып алды. Біз шегінуге мәжбүр болдық. Бастапқыда әріптесім екеуміз окопта үш сағат болдық. Содан кейін біз орман ішінде бес сағат жүрдік. Ақыр соңында біз жолға шығып, Ресей әскерлерін кезіктірдік, - деді , - деді Энди Хьюн.
Оның айтуынша, украин әскерлерінің арасында жауынгерлік дайындық жетіспейді.
«Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары айтпайды. Бірақ Украинаның көптеген бөлімшелерінің қолбасшылығы жемқор және әскерилер нашар қаруланған және дайындықтары төмен», - деді Энди Хьюн.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті бұған дейін отандастардың тұтқындалуы туралы расталмаған мәліметтер бар екенін және олардың отбасыларымен, Украина билігімен және Қызыл крестпен байланыста тағдырын анықтайтынын хабарлаған.
Айта кетсек, наурыз-сәуір айларында Донбаста Украина жағында соғыс қимылдарына қатысқан үш шетелдік тұтқынға алынған болатын. Олар – британдықтар Шон Пиннер мен Айден Аслин және мароккалық Брагим Саадун. Кейінірек Республиканың Бас прокуратурасы жүргізген тергеуден кейін сот шетелдіктерді өлім жазасына кесті. Үкім әлі күшіне енген жоқ.