×

«Темір Майк» ерекше киімдегі биімен әлеуметтік желіні шулатты (ВИДЕО)

Видео үш сағаттың ішінде 13,5 мың пікір мен 448 мың қаралым жинаған

 Қанат Атаманов 18.06.2022 | 23:30
Фото: ашық дереккөздерден

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон Instagram-дағы жеке парақшасында ерекше видео жүктеді.

Аты аңызға айналған боксшы араның костюмін киіп, билеген видеосын жариялады. Бұл видео арқылы ол актер және тележүргізуші Джимми Киммелге үндеу жасады.

«Бұл сенің шаруаң емес», – деп жазды боксшы.

Видео үш сағаттың ішінде 13,5 мың пікір мен 448 мың қаралым жинаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама