×

Алматының Бас жоспары қайта жасалады

Жаңа құжатты жыл соңына дейін аяқтау көзделген

 Қанат Атаманов 18.06.2022 | 22:30
Фото: ашық дереккөздерден

Алматы қаласы мен агломерациясын дамытуға арналған ортақ жаңа бас жоспар жасалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Almaty.tv арнасының мәліметінше, жоспар 2040 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа құжатты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Жаңа бас жоспарда агломерацияның урбандалу процесін жеделдету тетіктері де қарастырылады.

Бірнеше жыл бойы Алматы әкімдігі бас жоспарға түзетулер енгізу бағытында жұмыс істеді. Үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ ол бас жоспар бұрынғы 2002 жылғы жоспарларды база ретінде алған. Одан бері жиырма жыл өтті. Қазір қала да, экономика да, Алматы облысы да өзгерді. Сондықтан мен жоспарды жақсартуға атсалысқан азаматтарға алғыс айтқым келеді, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Алматыда құрылысшылар кеңесі қайта құрылады. Ол әкімдікке бағынысты болмайды. Бірақ кәсіби мамандардан жасақталып, құрылысқа қатысты кеңес беретін алаңға айналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
24.09.2022 | 22:34

Желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

27 жастағы күдікті ұсталды
24.09.2022 | 21:48

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50