Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті

Соққының салдарынан 22 қой мен ешкі өлген

 Қанат Атаманов 18.06.2022 | 21:00
Ақмола облысында жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті
Фото: inform.kz

Оқиға «ОП-96-Жайнақ» темір жол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда малдың жайылып жүргенін байқайды. Алайда, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. Соққының салдарынан 22 қой мен ешкі өлген. Ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.

Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесіне ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен темір жол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама