×

Airbnb арқылы пәтер жалдаған турист 10 жасырын камера тауып алды

Құрылғылар жуынатын бөлмедегі, жатын бөлмедегі өрт кезінде қосылатын дабыл қаққышта жасырылған

 Қанат Атаманов 18.06.2022 | 20:00
Фото: ашық дереккөздерден

Америкалық турист Филадельфияда Airbnb сервисі арқылы пәтер жалдап, артынша сол үйден оннан аса жасырын камера тапқаны туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды New York Post.

Қос келіншек АҚШ-тың Филадельфия қаласында еңбек демалысын өткізу үшін қысқа мерзімге пәтер жалдаған. Түнгі қыдырыстан қайтқанда әйелдер диванда ұйықтап қалған. Ал таңда оянған кезде төбеде камераға ұқсас бір затты байқаған. Туристер үйді тексеріп шығып, тағы 10 жасырын камера тапқан. Құрылғылар жуынатын бөлмедегі, жатын бөлмедегі өрт кезінде қосылатын дабыл қаққышта жасырылған.

Туристер бұл жағдайды әлеуметтік желіде жазған. Дереу Airbnb өкілдері мен полицияға хабарласқанымен, олар жауапты тек екі күн өткеннен соң алған. Полицейлердің тергеу шараларынан кейін пәтерде ешқандай бақылау жүйелері жоғы айтылған.

Соған қарамастан туристерге пәтерде тұрғаны үшін берілген ақшаны қайтарып берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама