Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды

Халық үні

"ТМД аруы" байқауы Арменияда осымен екінші рет өтті

Фото: Instagram/miss_sng

17 маусымда Ереванда өткен "ТМД аруы-2022" байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Пиртанова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ссылкой на Sputnik Армения.

Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырды. Эстон аруы Карина Низинкая үшінші орын алды.

Жылы қарсы алғаны үшін Арменияға алғысымды айтамын. Елмен, халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Басыма тәж киемін деп күтпеп едім, - деді журналистерге Диана Пиртанова.

Байқауға өз елдерінде іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 23 қыз қатысты.

Армения астанасына ТМД елдері (Әзербайжанды қоспағанда), сонымен қатар Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Куба арулары келді. Жеңімпазды 13 елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.

Арменияда 2017 жылғы "ТМД аруы" байқауында "Гран-приді" Шушан Ерицян алған еді. Қазақстандық қыз "ТМД аруы-2022" атанды.