×

Мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Көкшетауда ұсталды

Оған ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған

 Халық үні 18.06.2022 | 15:05
Фото: ашық дереккөздерден

Желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстанның алты облысында іздеуде жүрген гастролер-ұрыны Көкшетау станциясында қолға түсірді.

Ол Алматыдан қашып кетіп, еліміздің әр аймағында ұрлық және алаяқтық әрекеттерін жалғастырған.

Алматы қаласының соты іздеуде жүрген тұлғаны қамауға алуға санкция берді. Осыған байланысты күдікті Ақмола облысы бойынша полиция департаменті Көкшетау қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

 Белгілі болғандай, 41 жастағы Жамбыл облысының тумасы бірнеше облыста және мемлекетаралық іздеуде жүрген.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама