×

«Денемді уқалап берді». Щучьеде 63 жастағы зейнеткер 9 жасар қыз баланы пәтеріне кіргізіп алған

Щучьеде аулалардың бірінен ер адам массаж жасау үшін 9 жасар қыз баланы пәтерге кіргізіп алған

 Халық үні 18.06.2022 | 13:27
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үйдің маңында дүрліккен жұрт жиналды. Олардың айтуынша, құтқарушылар мен полиция үйге терезе арқылы кірген. Қыздың жағдайы туралы хабарланған жоқ.

16 маусымда Бурабай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шағым түсті. Айтуынша, өздері тұратын көпқабатты үйде отбасымен тұратын ер адам қызына “массаж” жасаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдері дереу келді, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 63 жастағы ер адам бұрын  “Бұзақылық” бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған, нарколог-психиатр дәрігердің есебінде тұрмайды.

Ер адамның көршілерінің, куәгерлердің айтуынша, күдікті  олардың балаларымен араласады.  Кәмелет жасқа толмаған қыздар ата-аналарының көзінше ер адам оларға массаж жасауға ұсыныс жасағанын және массаж жасағанын мәлімдеді, - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша “Кәмелет жасына толмағандарды азғыру” бабы бойынша тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама