Тәрбиешілердің ешбірі оларға араша түспеген
Нұр-Сұлтан қаласындағы балаларды дамыту орталығында ұл бала үш сағат бойына қызды қорлаған. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.
Бала қызды ұрып, шашынан сүйреген. Соған қарамастан тәрбиешілердің ешқайсысы оларға араша түспеген.
Балаларды дамыту орталығы тәрбиешісінің заңсыз іс-әрекеттері фактісіне сәйкес, «Алматы» аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 140-бабы, яғни «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Кішкентай балаға қатысты сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.