Halyq Uni логотип
×

Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын түсіндірді (ВИДЕО)

Ондай жағдай сирек болады дейді

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2022 | 18:03
Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде неге жылағанын түсіндірді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қазақтілді блогер Алексей Лодочников Ұлттық құрылтайда «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевтан Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен кезде неге жылағанын сұрады.

«Біз бәріміз адамбыз және бізде эмоция бар. Мен интернеттен сіздің өз эмоцияңызды сақтай алмай, жылаған видеоңызды көрдім. Мұндай жағдай қаншалықты жиі болады және онымен қалай күресесіз?» - деп сұрады блогер.

Оған Перуашев ондай жағдай сирек болатынын, бірақ өзінің эмоциясын көрсете салысымен, бүкіл жұрт соны талқыға салғанын айтып жауап берді.

Аман болсын, бәрі дұрыс. Енді ер жігіттің де жүрегі бар... - деді ол.

Еске сала кетсек, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен кезде оны қимай, көзіне жас алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама