×

Қамаудағы Жомарт Ертаев тағы бір қылмыстық іске тартылды

Тергеуді Алматы қалалық ПД тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2022 | 17:30
фото: Эмин Джафаров

Bank RBK-ның түрмеде отырған бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жаңа қылмыстық іске тартылды. Онда ол «қорғауға құқығы бар куә» құқықтық мәртебесін алды. Бүгін тараған бұл ақпаратты Алматы қалалық прокуратурасы растады.

«Жаңа іс Bank RBK өкілдерінің құқық қорғау органдарына жүгінуіне байланысты, Қылмыстық кодекстің 189-бабына («Бөтеннің сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру») сәйкес қозғалған. Тергеуді Алматы қалалық ПД тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қандай да бір қосымша айып тағылмауы себепті, қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылған Жомарт Ертаевтың қатысуымен осы іс бойынша тиісті тергеу әрекеттерін жүргізеді», – делінген ақпаратта.

Тергеу талаптарына сәйкес, қылмыстық істің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Еске сала кетсек, экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы қарашада Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен сотталған болатын. Сол кезде оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу мерзімі тағайындалған. Ал былтыр наурыз айында Ертаев Bank RBK, Eurasian Bank және Qazaq Banki банктерінен несие ақшасын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама