Halyq Uni логотип
×

Түркістанда 1 млн теңге иесіне қайтарылды

Ақша салынған сөмке бақылау камерасының көмегімен табылды

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 16:36
Түркістанда 1 млн теңге иесіне қайтарылды
Көрнекі фото

Жақында Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғынының таксиде жоғалтқан 1 млн теңге салынған сөмкесін тауып, қайтарып берді.

Ол таксиде миллион теңге ақшасы салынған кіші қол сөмкесін ұмытып,  жақын маңдағы полиция пунктіне хабарласады.

«Мен Түркістан қаласына жұмыстарыммен барып, қалада белгісіз таксиге отырдым. Діттеген жеріме келген соң түсіп қалдым. Арада бірнеше минут өткенде көлікте 1 миллион теңге ақшасы салынған кіші қол сөмкемді ұмытып кеткенімді байқадым. Бірден түскен жеріме қайта келгеніммен, ол көлікті таппай қалдым. Білетінім тек қана көліктің түсі және маркасы, ал оның мемлекеттік тіркеу нөмірі немесе байланыс телефондарынан мүлдем хабарсыз едім», - деп хабарласқан ол полицияға.

Одан кейін Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен тез арада әйелдің ақшасы салынған сөмкесін тауып беруге кіріскен. Сөйтіп, жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағатта тұрғынның сөмкесі қалып кеткен көлік табылған. Яғни, полицейлер тез арада облыс орталығында орналасқан бейнебақылау камераларын жіті тексеріп, автокөлікті анықтап, тапқан.

Сөмкесі табылған азамат полицейлерге шын жүректен алғыс сезімін білдірді.

«Бірақ, табылмайды-ау деп іштей күдерімді үзген едім. Алайда, Түркістан облысының қырағы, кәсіби шебер полицейлерінің көмегімен 4 сағатта көлік, сөмкем, ақшам да табылды. Өте қуаныштымын. Тәртіп сақшыларына Алла разы болсын!» - деп шынайы алғысын айтты ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама