×

36 жасында 10-баласын дүниеге әкелген ақтаулық келіншек әлі де сәби сүюден үмітті

Қазір Гауһар жұбайымен бірге отбасылық кәсіптерін дөңгелетіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2022 | 14:55
фото: instagram парақшасынан

Ақтаулық 36 жастағы келіншек Гауһар Ешмұханова қаңтар айында оныншы сәбиін дүниеге әкелген. 16 жасында тұрмысқа шыққан көпбалалы ананың тұңғышы 20 жасқа толса, кенжесі 4 айдан енді асты. Ешмұхановтар отбасы 10 баласының құрметіне Ақтауда дүркіретіп той жасады. Сол сәтте батыр ана NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріпті.

Балаларымның ішінде егіздер бар. Жолдасымыз екеуміз құдай берген 5 ұл мен 5 қызды тәрбиелеп отырмыз. Баламыздың алды жиырмаға толды. Осы өміріме шүкірлік етемін. Алла 10 баламды босанарда да шексіз күш-қуат берді, - дейді батыр ана.

Қазір Гауһар жұбайымен бірге отбасылық кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ олар қайырымдылық шараларына жиі атсалысады.

«Кенже баламды босанған соң үздік кәсіпкер әйелдердің қатарына еніп, марапат алдым. Қазір «Мерейлі отбасы» байқауына дайындалып жатырмыз. Баланы босанып, үйде отырып қалатындардың қатарынан емеспін. Бізге берілген мүмкіндік көп. Соларды пайдалануымыз қажет. Қайырымдылық шараларын да жиі өткізіп тұрамыз. Ата-анамызға қарайласуды да ұмытқан емеспіз», - дейді Гауһар Ешмұханова.

Сондай-ақ ол денсаулығы жақсы болса, тағы да сәбилі болудан бас тартпайтынын айтып отыр. Кәсібін де одан әрі үлкейткісі келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама