×

Әнші Толқын Забирова жол апатына қалай түскенін айтты

Көлікті артынан бір машина соқты

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 14:20
фото Instagram парақшасынан

Жақында әнші Толқын Забирова жол апатына түскен еді. Ол оқиғаның қалай болғанын «1001 ТҮН» бағдарламасында айтты.

«Биыл ортаншы ұлым Диярым 12-сыныпты бітіріп жатыр. Диплом алатын күні еді. Осы күнге 12 жыл дайындалдық. Сол күні баламның қуанышымен бөлісейін деп едім. Әттең, болмай қалдым. Қызыл дипломын алып жатыр, Аллаға шүкір деймін. Қасында болғым келді. Бірақ, осындай жағдаймен бола алмадым. «Сазген сазы» фольклорлық-ұлттық этнографиялық ансамблінің шығармашылық кеші болуы керек еді. Ол мереке өтті. Бірақ, оған да бара алмадым.  

... Мен көліктің артында отырдым... әл-Фараби жолымен келе жатып, Мұстафин көшесіне жетпей, артымыздан бір көлік соқты. Бірақ, оның соққанын сезе алмадым, алдында кішкене инерция болды. Соққан кезде бірден есімнен танып, не болғанын білмей қалдым. Бірнеше минуттан кейін өз-өзіме келген соң, ауруханаға апара жатқан жолда есімді жидым, - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама