Halyq Uni логотип
×

Ералы Тоғжанов Қазақстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Үкімет басшысының орынбасары бүгінде суды дұрыс пайдалану маңызды екенін атап өтті

 Дәурен Ерболат 17.06.2022 | 13:57
Ералы Тоғжанов Қазақстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
фото: ОКҚ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізге қандай қауіп төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Біріншіден, климаттың өзгеруі. Болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай жердегі ауа температурасы үздіксіз жоғарылайды. Екіншіден, трансшекаралық ағындар көлемінің қысқаруы. Бұл Қазақстанның экономикасының дамуына және экожүйесінің жағдайына кері әсер етеді. Үшіншіден, су ресурстарын дұрыс пайдаланбау, - деді Ералы Тоғжанов Мәжілістегі парламенттік тыңдауда.

Ол аталған мәселелерді қалай шешуге болатынына тоқталды.

«Бұл тәуекелдерді азайтудың негізгі факторы – ресурстарды тиімді басқару, қолданыстағыларды жаңғырту және жаңа инфрақұрылымды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жасыл технологияларды пайдалану және өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтардың 96 пайызы сумен қамтамасыз етілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама